"Жаңа этика мен ұлт сапасы": Ерлан Қарин президенттік реформаның мақсаттарына тоқталды

Сурет: magnific.com
ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында жаңа қоғамдық этика қағидаттарын, өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың жеке жауапкершілігі туралы кеңінен мәселе көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзін-өзі ұстау мәдениетін, жаңа қоғамдық этика қағидаттарын қалыптастыру – ұлтымыздың дамуы мен өркендеуінің негізгі алғышарттарының бірі екенін баса атап өтті.

"Ішкі мәдениеті мен берік адамгершілік ұстанымдары қалыптасқан қоғам ғана қазіргі заманның сан алуан сын-қатеріне төтеп бере алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселенің маңызын терең түсінеді. Сондықтан да, ол осы бағытқа айрықша мән беріп келеді. Шынында да, қазір қоғамдағы дау-дамайлар көп жағдайда азаматтардың мәдениетсіздігінен, дарақылығынан, әдепсіздігінен туындап жатады. Яғни, бұған адамдардың қарапайым әдеп нормаларын сақтамауы, бір-бірін құрметтемеуі себеп. Сондықтан, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру қазіргі уақыттағы ең негізгі мәселенің бірі саналады", деп жазады желіде Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, қоғамдағы кез келген кикілжіңнің я даудың алдын алудың бірден бір жолы – жеке бастың мәдениетін дамыту. Бұл – бір-бірімізге сыйластықпен қарау, өз ісімізге адал болу, заңды құрметтеу, тазалық пен тәртіпті сақтау.

"Ұлт сапасын арттыру, азаматтардың мінез-құлқын өзгерту, жаңа әдеттерді қалыптастыру бір күндік шаруа емес екені белгілі. Әрі мұндай өзгеріске жылтырақ идеологиямен қол жеткізу мүмкін емес. Сол себепті, қазір жалаң үгіт-насихатпен емес, нақты істермен айналысу тиімді", - дейді ол.

Қарин елімізде осы мақсатқа қол жеткізу үшін Президенттің тікелей тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүйелі жұмыс жүргізіліп келе жатқанын айтады. Мысалы:

Оның айтуынша, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруда құқықтық тетіктердің де рөлі зор.

"Сондықтан, Ішкі істер министрлігі осы күндері хайп үшін жаға ұстатарлық әрекеттерге баратын әлеуметтік желі қолданушыларын, қауіпті пранк жасаушыларды жауапкершілікке тартып, олардың атын атап, түсін түстеп ашық көрсете бастады. Құқық бұзушыларға қатысты мұндай шараларды қолдану өзгелерге сабақ болатыны анық", деп сөзін түйіндейді өз жазбасында Ерлан Қарин.

Айта кетсек, 2026 жылы 24 қаңтарда Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталған болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады