Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жасаған ресми сапарын аяқтаған Лаос президенті Тхонглун Сисулитті елорда әуежайынан шығарып салды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Президенттің баспасөз қызметі тиісті фото және бейнежазбаларды жариялады.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Лаос президенті Тхонглун Сисулит Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, ресми қарсы алу рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.
Кейін Қазақстан мен Лаос президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Бұдан соң екі ел басшыларының қатысуымен қол қойылған үкіметаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.