Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 15 қыркұйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group компаниясының вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Корея Республикасымен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, еліміз Hanwha Group компаниясын стратегиялық маңызы бар бірқатар салада халықаралық позициясы берік Кореяның жетекші бизнес топтарының бірі ретінде қарастырады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығуға мүмкіндік беретін технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Hanwha Group компаниясымен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады. Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тиімді нақты жобаларға ұласатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Ким Дон Вон Hanwha Group 1997 жылы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқан алғашқы кореялық корпорациялардың бірі болғанын атап өтті. Ол еліміздегі цифрландыру үдерісіне атсалысу және түрлі жобаларды іске асыру мүмкіндігіне ерекше қызығушылық танытқанын жеткізді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады