Алатау қаласының бас жоспарын әзірлеуге кореялық компания қатысады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-корей дөңгелек үстелінде Кореяның іскерлік топ өкілдеріне Алатау қаласын дамыту мақсатында қабылданып жатқан дәйекті шаралар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, жаңа орталық озық өнеркәсіп салалары мен инновациялар шоғырланған урбанистік және экономикалық хабқа айналуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологияларға, жасанды интеллектіге және заманауи инженерияға негізделген қаланы дамытуға кореялық серіктестердің белсенді атсалысып жатқанын атап өтті.

"Цифрлық технологияларға, жасанды интеллектіге және заманауи инженерияға негізделген қаланы өркендетуге кореялық серіктестер белсенді атсалысып жатыр. KIND корпорациясымен бірге бас жоспарды және тұрғын үй аудандарын жобалаумен, сондай-ақ басқа да кореялық компанияларды ауқымды жобаға тартумен айналысып жатырмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы серіктестікті одан әрі ілгерілетудің перспективалы бағыттарының бірі ретінде қаржы секторын атады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды.

Президент Қазақстан өнімдерінің әлемнің 70-тен астам еліне экспортталатынын атап өтті. Оның айтуынша, еліміз Кореяға бидай, майлы дақылдар, ет және сүт өнімдерін, бал мен басқа да жоғары сапалы тауарларды жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын.


"Біздің өнімдеріміз әлемнің 70-тен аса еліне тасымалданады. Біз Кореяға жеткізілетін бидай, майлы дақылдар, ет, сүт өнімдерінің, бал және басқа да жоғары сапалы тауарлардың экспорт көлемін ұлғайтуға әзірміз. Сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін Кореяның технологияларымен біріктіріп, агроөнеркәсіп саласындағы қосылған құн тізбегін қалыптастыруды ұсынамыз", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев тамақ өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың берік негізі қаланғанын айтты. Ол Lotte компаниясының Қазақстандағы танымал шоколад брендтерінің бірі – "Рахат" компаниясына инвестиция салғанын мысалға келтірді.

"Бұл кореялық бизнестің біздің нарықтағы ұзақмерзімді қызметінің жарқын мысалы бола алады. Біз аталған ықпалдастықты жоғары бағалаймыз және табыстарымыз еселене береді деп сенеміз", – деді Президент.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді