Қазақстан Халық Кеңесі бар кезде Құрылтайға Қоғамдық палата не үшін керек

Сурет: quryltai.kz
Құрылтай депутаты Айдос Сарым брифинг барысында Қоғамдық палата мен Қазақстан Халық Кеңесінің функциялары несімен ерекшеленетінін және олардың жұмысы не себепті қайталанбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қоғамдық палата Қазақстан Халық Кеңесінің функцияларын қайталамай ма деген сұрақ қойды. Себебі екі органның да заңнамалық бастамаларды талқылауға сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуын көздейтіні айтылды.

"Мен сізбен келіспеймін. Неліктен екенін білесіз бе? Біріншіден, Қоғамдық кеңестің өз өкілеттіктері, міндеттері бар және олар заңда, Конституцияда нақты жазылған. Қазақстан Халық Кеңесінің де өз регламенті болады деп ойлаймын. Дегенмен Халық Кеңесінің функциясы ауқымдырақ. Олар өте күрделі мәселелерді көтере алады. Оның үстіне олардың ұсынымдары анағұрлым іргелі сипатқа ие", – деді спикер.

Оның айтуынша, Құрылтай жанындағы Қоғамдық палата заң жобаларын жетілдіру, сондай-ақ Құрылтай депутаттары қабылдаған заңдардың іске асырылуы бойынша кері байланысты жолға қою мақсатында құрылады.

"Түсінесіз бе, бұл сәл өзгеше нәрсе. Бұл – Құрылтай үшін жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қолданбалы институт. Кейбір сарапшылардың екі органның жұмысына да қатар қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Дегенмен олардың бір-бірінің жұмысын қайталайды деп есептемеймін", – деп сөзін жалғастырды депутат.

Бұған дейін Айдос Сарым Қоғамдық палатаның отырыстарына министрлер мен әкімдердің шақырылатыны туралы және заң жобаларын талқылау қандай форматта өтетіні туралы айтып берген болатын.

Бүгін, 2026 жылғы 16 қыркүйекте, депутаттар пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы І шақырылымының Құрылтайы жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан
Құрылтай
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ