Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
2026 жылғы 20 қаңтарда Президент Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызды міндеттерін іс жүзінде табысты аяқталды деп санауға болатынын айтқан еді. Сол кезде ол жаңа институт – Қазақстан Халық Кеңесін құруды ұсынды.
Ал 2026 жылғы 8 шілдеде Президент жарлығымен Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалып, бұрынғы қызметінен босатылды.
22 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды. Кеңес құрамына 126 қазақстандық кірді.