Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемге танытудағы басты мақсатын айтты

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында халықтың әл-ауқатын жақсарту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және елге инвестиция тарту туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта да халықтың тұрмысын жақсарту үшін табанды еңбек ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, Қазақстанға келетін инвестиция көлемін ұлғайту міндетіне тоқталды.

"Өздеріңізге мәлім, мен мемлекетіміздің басшысы ретінде халықаралық жиындарға жиі қатысып, көптеген елдердің көшбасшыларымен, инвесторлармен кездесулер өткізіп жүрмін. Астанада да жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент осы жұмыста көздеген мақсатын түсіндірді.

"Алдымда тұрған мақсат – айқын: бұл – Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне мейлінше кең ауқымда паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау. Басқа ойым жоқ. Сондықтан мұның бәрін бүкіл халқымыздың мақсаты деп күмәнсіз айтуға болады", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Қосшы маңындағы зауытта жұмысшылар жанжалдасып, біреуі жарақат алды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең басты байлығымыз – туған еліміз