Президент Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатты атады

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында кеңесті құрудағы басты мақсат қоғамдық диалогті дамыту және халықты ортақ мүддеге жұмылдыру екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, уақыт өткен сайын заманның сипаты мен талабы өзгереді. Өркениетті ел болу үшін Қазақстан жаһандық дамудан қалыспай, бәсекеге қабілеттілігін сақтауы керек.

"Біз ұлттық сана-сезімге серпіліс беріп, жұртымызды ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет. Қазақстан Халық Кеңесін құрудағы басты мақсатымыз да – осы", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет қоғам мүддесі жолында еңбек етіп жүрген түрлі топ өкілдері бір құрылым аясында бас қосқанын атап өтті. Ол мұны "Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт" тұжырымдамасының іс жүзіндегі көрінісі деп бағалады.

"Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық бірлігіміздің анағұрлым нығайып, институционалдық сипатқа ие болғанын көрсетті. Осылайша, Қазақстан Халық Кеңесінде ел ынтымағын күшейте түсетін тиімді, алдын ала мұқият зерттелген бастамалар жүзеге асырылады", – деді Мемлекет басшысы.

Президент кеңестің конституциялық мәртебесіне ерекше назар аударып, бұл қадам зор мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады