Қазақстанда Филиппин елшілігі ашылуы мүмкін

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан мен Филиппин екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын және Астанада елшілік ашу жоспарын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Филиппин Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Лео М. Эррера-Лима кездесті.

Кездесу барысында тараптар қазақ-филиппин қарым-қатынастарын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ БҰҰ мен АСЕАН аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды. Бұл туралы 2026 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қазақстан тарапы Филиппиннің Астанада елшілік ашу ниетін құптады. Бұл екі ел арасындағы тұрақты дипломатиялық қатысуды қамтамасыз етіп, екіжақты байланыстарды тереңдетуге ықпал етеді деп күтілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастыруға және қазақ-филиппин ынтымақтастығын жүйелі түрде дамытуға мүдделі екенін растады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 24 қыркүйекте қауіпсіздік мақсатында Литваның Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы визалық орталықтарын жабатыны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін