Ол Қазақстан астанасына Ақаба процесінің саммитіне қатысу үшін келгені белгілі.
Сурет: Zakon.kz
Ақаба процесінің саммиті Астанада 2026 жылғы 6 қарашада өтеді. Саммит талқысы тақырыптарының бірі – жасанды интеллектіні лаңкестік және экстремистік мақсатта пайдалануға қарсы тұру.
Аталған саммитке бірқатар мемлекеттердің басшылары қатысады деп күтіледі.
Бүгін, 5 қарашада Қазақстанға Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла ибн әл-Хусейн ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.