21 жастағы қазақстандық зілтемірші Артем Антропов Ташкентте өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде IV орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағандылық Артем Антропов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Бірінші жаттығудан кейін қазақстандық 12-орынды иеленді. Ал жұлқа көтеруде спортшы бірден 215 келіні бағындыруға тырысты, алайда бұл оңай болмады.
Қазақстандық Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 385 (164+221) келіні бағындырды. Мұндай нәтиже серпе көтеруде кіші күміс жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді. Алайда жарыстың қорытынды кестесінде Артем Антропов IV орынға ие болды.
Алтын медальді Колумбия спортшысы Монтано Паредес (187+213/400 келі) жеңіп алды. Фарис 394 келіні (172+222 ) көтеріп, күміс жүлдені иеленді. Ал Санчес 391 (177+214) келімен үздік үштікті қорытындылады.