Қазақстандық делегация Қытайдағы Қысқы Олимпиада ойындарына аттанып кетті

Барлық спортшылар мен жаттықтырушылар елден ұшар алдындағы соңғы апталарды карантин жағдайында өткізді. Олар стандартқа сәйкес, үшінші тұлғалармен тікелей байланысқа түспейтіндей жағдайда өмір сүріп, жаттықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, спортшылар Нұр-Сұлтан-Алматы-Бейжің бағыты бойынша барлық қауіпсіздік шараларын ескере отырып, Air Astana-ның арнайы рейсімен ұшып шықты.

Сурет: olympic.kz

Ұшақта конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық командалар бар.

Сурет: olympic.kz

Шетелде соңғы дайындық жиындарынан өтіп жатқан командалар, атап айтқанда биатлон, шаңғы жарысы және фристайл-акробатика бойынша құрамалар Қытайға жекелей аттанатын болады.

Сурет: olympic.kz

Бүгін біз Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұшып барамыз. Бұл бәріміз үшін өте қобалжулы сәт. Біз оптимизмге бой алдырып, осындай маңызды жарыста бар күшімізді салуға дайынбыз. Мемлекет басшысына, біздің Үкіметке, Ұлттық Олимпиада комитетіне осынау қиын-қыстау кезеңде спортшыларға жасаған барлық жағдайы мен қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біз ештеңеге қарамай, үнемі дайындық үстінде болдық. Қазақстан командасының Ту ұстаушысы әрі шорт-тректен команда көшбасшысы Абзал Әжіғалиев

Қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 ақпанда Бейжіңнің ұлттық стадионында өтеді.

Сурет: olympic.kz

Қытай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: