Түркияда өтіп жатқан жарыста төрт қазақстандық қола медаль үшін таласады

Сурет: olympic.kz
Түркияның Ыстамбұл қаласында күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 77 келіге дейінгі салмақтағы жұбаныш раундта Демеу Жадыраев үндістандық Сәджаннан басым түсті. Енді ол "қола" үшін Түрки Времен (Түркия) белдеседі.

Тамерлан Шадукаев турнирдің ақтық сынына тікелей жолдама алды. Үшінші орын үшін таласта оның қарсыласы серб Виктор Немеш болады.

82 келіге дейінгі салмақта қола жүлде Рахмет Сәпиев – Тунжей Вазирзаде (Әзербайжан) мен Илимдор Сатаев – Рафиг Хусейнов (Әзербайжан) жұптары арасында сарапқа салынады.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады