«Зениттің» сапындағы қазақстандық футболшы РФПЛ чемпионы атанды

Сурет: Instagram/zenit_spb
Санктпетербургтік клуб өз алаңында мәскеулік "Локомотивті" жеңіп кетті, бұл оларға РФ Премьер-лигасының (РФПЛ) мерзімінен бұрын чемпионы болуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bobsoccer.ru -дың хабарлауынша, Нұрәлі Әліп алаңда бастапқы құрамда өнер көрсетті, оны үзілісте ғана ауыстырды.

Бұл жеңіс несімен есте қалды десеңіздер, айта кетелік. Бәлкім, басшылық пен жаттықтырушылардың қиын жағдайда барлығын қиыстыра білгендігінде шығар. Азмун кетті, орнына керек кезде бір гол соға білген Сергеев шықты. Санкт-Петербургтен Ракицкий кетті, оның орнына жаңа чемпионатқа тез бейімделе білген ноунейм Әліп келді. Ловрен жарақат алды - Чистяков сенімді ақтады. Бұл, шын мәнінде, алдын ала бажайланған ойын өрнегінің 100 пайыз дөп түсуі болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресейлік БАҚ чемпиондыққа барлығы, соның ішінде аты аталған Азмун мен Ракицкий де өз үлесін қосқанын атап өтті.

Айта кетсек, 22 жастағы Әліп қыста жыл соңына дейін жалға алу құқығы бойынша "Зенитке" ауысқан. Оған қатысты "Қайраттың" да құқығы бар. Биылғы РФПЛ маусымында ол жеті матч өткізді.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі