Новак Джокович өз мансабындағы 1000-ыншы жеңісіне қол жеткізді

Сурет: Instagram/atptour
"Үлкен дулыға" турнирінің 20 дүркін чемпионы, серб Новак Джокович теннис мансабында өзінің мыңыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл көрсеткішті ол Римдегі "Мастерс" турнирінің жартылай финалында норвегиялық Каспер Руудқа қарсы ойнаған ойынында бағындырды. Есеп – 6:4, 6:3, деп хабарлайды Zakon.kz

Әлемнің бірінші ракеткасы - теннис тарихындағы осы межені еңсерген бесінші спортшы. Бұрын бұл жетістікке Рафаэль Надаль – 1050, одан кейін Иван Ландл – 1068, Роджер Федерер – 1251 және Джимми Коннорс – 1274 қол жеткізген болатын. Руудқа қарсы ойындағы жеңісі Джоковичке төртінші жыл қатарынан және өз мансабында 12 рет Италияның Ашық чемпионатының финалына шығуға мүмкіндік берді.

Римдегі шешуші матч оның "мастер-класстағы" 55-ші финалы болады, егер ол жеңіске жетсе, онда бұл Джокович үшін 38-ші титул болады. Финалда оны грек теннисшісі Стефанос Цципас күтіп тұр.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді