Новак Джокович маусымдағы алғашқы турнирде жеңіске жетті

Сурет: Instagram//djokernole
Әлемнің ең үздік теннисшісі Новак Джокович алғашқы титулын 2022 жылы жеңіп алды. Рим Мастерс турнирінің финалында серб грекиялық Стефанос Циципасты 6:0, 7:6 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Римде Джокович алтыншы рет жеңіске жетті және жалпы мансабында 87 титулға ие болды, оның ішінде Мастерс турнирінде 38 рет жеңіске жетті. Енді серб теннисшісінің Рафаэль Надальдан (36) екі титулы артық болды.

Кеше және екі күн бұрын мен керемет ойнадым. Мен соңғы бірнеше аптада қалпыма келдім. Өткен жылдардағыдай, мен топырақтағы ең жақсы ойын Рим кезеңінде көрсете бастайтынымды білдім. Бұл «Ролан Гаррос» дейін титулды жеңіп алуға жақсы сәт болып тұр. Бұл апта тамаша өтті. Новак Джокович

Айта кетейік, Джокович Римде бірде-бір сетте ұтылмай чемпион атағын жеңіп алған болатын. Соңғы рет мұндай нәтижені британдық Энди Мюррей 2016 жылы көрсеткен еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр