Бибісара Асаубаева Астанада өткен Гран-приде ең танымал шахматшыны ұтты

Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women Grand Prix 2022-нің екінші айналымында әйелдер арасындағы 12-әлем чемпионы, атақты Александра Костенюкті жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйгілі шахматшыдан басым түсуі Бибісара Асаубаеваға турнир кестесінде көшбасшылар қатарына кіруге мүмкіндік берді. Қазірше оның қоржынында 1,5 ұпай бар. Басқа үш қатысушының да ұпай саны осы шамалас.

Бибісара үшінші орында. Ол тек рейтингтік коэффициенттер бойынша Александра Горячкина (Ресей) мен Алина Кашлинскаядан (Польша) кейін тұр.

Сурет: Instagram/fide_chess

Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік екінші айналымда Қытайдың құрметті шахматшысы, әйелдер арасындағы 16-әлем чемпионы Тань Чжунъимен тең ойнады. Бір ұпай жинаған Жансая бесіншіден тоғызыншы орындарға жайғасқан турнир қатысушыларының тізіміне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған