"Барыс" командасы "Торпедоны" ұтып, Шығыс конференциясында 3-орынға көтерілді

Сурет: hcbarys.kz
"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Нижний Новгородтың "Торпедосын" 4:1 есебімен жеңіп кетті. Бұл отандық ұжымға "Шығыс" конференциясындағы жүлделі үштікке енуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық хоккейшілер алаң қожайыны екенін танытып, есепт тез ашты. Матчтың бесінші минутында жергілікті жанкүйерлерді Кирилл Савицкий қуантты.

Бірінші кезеңнің соңында Игорь Ларионовтың арқасында қонақтар нәтижені теңестіре алды. Ойын 1:1 ұпайымен екінші кезеңде жалғасты.

Ал үшінші 20 минутта "Барыс" үш шайба соғып, алға суырылып шықты. Ойынның нәтижесі - 4: 1.

Гол авторлары: Әлихан Әсетов, Линден Вей және Антон Сағадеев.

Бұл жеңістен соң "Барыс" 23 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме