Рената Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, джиу-джитсудан спорт шебері Гүлжан Нақыпованың сынына жауап берді. Нақыпова Өскемен қаласындағы көшелердің суретін желіде жариялап, қаланың жалпы күтімі жоқтығын, оны сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейімен байланыстыратынын жазды.
Бұған жауап бере отырып, Жолдинова: "Гүлжан, бәлкім, үстірт пайым жасап отырған боларсың", - деді.
Менің қалам – ең мықтысы! Өз басым Қазақстанның және әлемнің көптеген қаласында болдым, сондықтан "Өскемен - инфрақұрылымдары барынша қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі" деп сенімді айта аламын. Оның барлығын жаңаша реңке ие біздің аулалардан, даңғылдардан, жаңадан салынған аллеялар мен саябақтардан байқауға болады. Біздің қаламыз болашаққа ұмтылып, өмірі бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Біздің қаламызбен @G_nakipova жақынырақ танысса, өз ойын өзгертетініне сенімдімін. Кез келген қала сияқты Өскемен де жазда түрленіп, әдемі болып кетеді. Рената Жолдинова
Спортшы өз сөзіне дәлел ретінде парақшасына қаланың әдемі көріністерін сипаттайтын суреттерді жүктеді.