Дастан Сәтпаев өнер көрсететін "Бернли" футбол клубының бас бапкері қызметінен қуылды

Дастан Сәтпаев, Бернли, бас бапкер, отставка, Ники Хайен, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2026 09:28 Сурет: Х/BurnleyOfficial
"Бернли" футбол клубының бас бапкері, бельгиялық Ники Хайен қызметінен қуылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ники Хайеннің отставкаға кеткені туралы ақпарат ағылшын футбол клубының ресми сайтында жарияланды. Бұл жайсыз хабар бүгін түнде "Бернли" сырт алаңда "Линкольмен" ойнап, 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін белгілі болды. 12 матчтан кейін команда небәрі сегіз ұпай жинап, турнирлік кестенің 22-сатысына дейін құлдилады.

"Бернли" футбол клубы бас бапкер Ники Хайенді қызметінен босатты. Бұл шешім шұғыл күшіне енді. Директорлар кеңесі команда Чемпионшипті сәтсіз бастағандықтан осындай шешім қабылдады", делінген ресми сайтта жарияланған ақпаратта.

Айта кетсек, Дастан Сәтпаев "Челси" клубы атынан "Бернли" сапында жалға алу құқығы бойынша өнер көрсетуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: