Әдемі Серікбай семсерлесуден Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Сурет: Instagram/kazakhstan_fencing
Алматыда семсерлесуден Әлем Кубогын сарапқа салған Almaty Jastar Saber Cup 2022 ойындары басталды. Жарыстың бірінші күнінде жеке сында бақ сынаған Әдемі Серікбай жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріле алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала жекпе-жектерді сәтті игерген Әдемі ширек финалда Өзбекстан спортшысын 15:9 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қазақстан семсерлесу федерациясының баспасөз қызметі.

Алайда, жартылай финалда отандасымыз осы сайытағы алтын медаль иегері атанған Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Наайға жол берді.

6 қарашада Әдемі Серікбай мен Қазақстан құрамасы мүшелерінің командалық жарыстарда жүлдегерлер тізімінен көріну мүмкіндік бар екенін еске сала кетелік.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды