Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионы атанды

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астаналық спортшы Ақмарал Науатбек (-48кг J2) пара дзюдодан Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда жерлесіміз паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, франциялық Аурериес Мартинет Сандриннан басым түсіп, ел қоржынына тарихымыздағы алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша жерлесіміз Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында топ жарып, ел қоржынына тарихымыздағы алғашқы әйелдер арасындағы алтын медальді сыйлап отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді 2018 жылы 60 кг салмақта Олжас Оразалыұлы еншілеген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуда 8-11 қараша аралығында өтуде. Әлемнің 40-тан астам елінен 300-ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда. Оның екеуі Астана қаласының спортшылары.

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін, елордалық қос парадзюдошы Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алғандығын жазған болатынбыз. Олардың бірі Ақмарал Науатбек болса, екіншсі ерлер арасында 73 келіде өнер көрсететін жерлесіміз Ерғали Шамей. Балуанымыз бүгін боз кілемге шығады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ