Криштиану Роналду тағы да рекорд орнатты

Сурет: Twitter.com/Cristiano/
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем және Еуропа чемпионаттарындағы ойындарға қатысуы бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Opta telegram арнасы хабарлағандай, Криштиану Роналду әлем чемпионатында (20) және Еуропа чемпионаттарында (25) 20-дан аса матч өткізген тарихтағы алғашқы футболшы ретінде тіркелді.

Алдыңғы күні Роналду 2022 жылғы Әлем кубогының үшінші туры аясында Оңтүстік Кореяғы қарсы өз ұлттық құрамасы сапында ойнады. Осыдан кейін ол мундиал шеңберінде 20 матчта және еуропалық біріншілік аясында 20 матчта өнер көрсеткен тарихтағы жалғыз футболшы ретінде мойындалды.

Оңтүстік Кореямен болған ойында Португалия 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бұған дейін Роналду қатарынан бес әлем чемпионатында гол соққан алғашқы ойыншы ретінде танылып, рекорд жаңартқан.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз