Аргентина Нидерландыны пенальтиден жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Сурет: Twitter/FIFA World Cup
Аргентина 9 желтоқсанда Нидерландыны пенальтиде жеңіп, Қатарда футболдан өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған екінші құрама болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Командалар "Лусаил Айконик" стадионында кездесті. Ойынның негізгі және қосымша уақыттары тең есеппен аяқталды - 2:2.

Аргентина құрамасының жұлдызы Месси барын салып, аянбай еңбек етті. Бірінші таймда Месси айып алаңына жақындап, әріптесі Науэль Молинаға пас берді. Ал оның қақпаға соққан добы мүлт кетпеді. Есеп – 1:0.

Екінші кезеңде Нидерланды құрамасы жазаланып, Аргентинаға 11 метрден доп соғу мүмкіндігі бұйырды. Бұл жолы да Месси суырылып алға шығып, есепті 2:0-ге жеткізді. Ал соғылған осы доп Мессидің әлем чемпионаттарындағы оныншы голы ретінде тіркелді.

Осылайша ойынның аяқталуына 17 минут қалған еді. Алайда голландықтар оңайшылықпен беріспейтіндерін осы қысқа уақыт аралығында дәлелдеп берді. Стевен Бергхейст соққан допты Вут Вегхорст баспен түртіп, қақпаға тоғытты. Есеп - 2:1. Ал бұл кезде ойынға қосымша 11 минут қосылған. Осы кезеңде нидерландтықтар айып добын орындап, тағы да Вут Вегхорст таразы басын теңестіріп кетті – 2:2.

Пенальти сериясында Аргентина командасының бағы жанды. Есеп – 4: 3.

Енді Аргентина құрамасы 13 желтоқсанда финалға шығу үшін Хорватиямен өзара бақ сынайды.

Айта кетсек, футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалының алғашқы ойынында Бразилия мен Хорватия жартылай финалға шығу үшін өзара бақ сынады. Бес дүркін әлем чемпионы әрі өткен мундиалдың күміс жүлдегерін пенальтимен еуропалықтар жеңіп кетті.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті