Әлем чемпионаты аяқталмай жатып, Марокко құрамасының футболшысына талас басталып кетті

Марокко құрамасы - Қатардағы 2022 жылғы әлем чемпионатының басты сенсациясы және тіптен күтпеген жартылай финалисі. Ал осы команда сапында 8 нөмірде өнер көрсетуші - 22 жастағы Аззедин Унайға қазірдің өзінде көп клубтың көзі түсіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Унай - "Анже" командасының орталық жартылай қорғаушысы. Ойыншы өткен маусымда осы клубқа ауысып, француз чемпионатында аталған команданың мәртебесін сақтап қалуға көмегі едәуір тиді. Тек биыл шілде айында Марокко құрамасы сапында дебют жасаған ол содан бері 15 ойын өткізген. Әлем чемпионаты тізгін қаққаннан бастап ол барлық матчқа қалыс қалмай қатысып келеді, ал Испания мен Португалиямен болған ойындарда оны ауыстырмады да, осыдан-ақ Унайдың ұлттық құрама үшін қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Бір жағынан өзі де оңайшылықпен шаршамайтынын байқатады. 

Оның басты ерекшелігі — техникасы мен өзіндік тәсілдері. Португалиямен болған ойында ол тіпті допты арқасымен қағып алып, қарсыласын таң қалдырды, осылайша бір секундты ұтып, қыспақтан тез сытылып шықты. Испаниямен болған кездесуде тура осы жігіт бірінші экстра-таймда сәтті өнер көрсетіп, ойынды пенальтиге жеткізбеді. Осы матчтан кейін Луис Энрикенің өзі оның өнеріне тәнті екенін айтып, жоғары баға берді.

"Сегізінші нөмір. Мені таң қалдырды. Құдайым-ау, бұл жігіт қайдан шыққан?"Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатындағы Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике


Унайдың тағы бір ерекшелігі — оның антропометриясы, яғни ол ұзын бойлы және өте арық. Кез келген шабуылда қарсыластарының ортасынан сусып өтіп, допқа иелік ете қояды.


Испанияның Mundo Deportivo және Diario Sport бұқаралық ақпарат құралдары "Барселона" Аззединнің өнеріне тәнті болғанын жасырмай, қазірдің өзінде оны өздеріне қосып алу бойынша талқы жүргізіп жатқандарын жазды. Бірақ келісімшарт сомасы, әзірге ашық айтылмайды.

"Барса" да мұндай талантты жіберіп алу, тырнақты тістеп қалумен тең екенін айтады. 

Дерек көз: championat.com

Қатар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: