Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2026 09:00 Сурет: instagram.com/wta
АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны (№9 WTA) екі сетте қапы қалдырды – 7:5, 6:4, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жеңіс Рыбакинаны финалға шығарып қана қоймай, оның әлемнің екінші ракеткасы деген жаңа мәртебесін бекіте түсті.

Қазір Елена жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, матчтың шешуші сәттерінде қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай жүр.

Алда басты кездесу. Бас жүлде үшін Елена тағы да өзінің негізгі қарсыласы – Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі.

Еске салайық, олардың кейінгі рет Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: