Хорватия Катардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Cурет: twitter.com/FIFAcom
Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионаты аяқталуға жақын. 17 желтоқсанда Хорватия мен Марокко құрамасы қола медальға таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есепті 7-минутта Хорватия құрамасы ашты. Голды Йошко Гвардиол соқты. Екі минут өткен соң, яғни 9-минутта марокколықтар есепті теңестірді.

42-минутта Хорватия Мислав Оршичтің алыс қашықтан соққан голының арқасында тағы да алға шықты, оған Марко Ливая көмектесті. 2:1.

Екінші таймда есеп өзгермеді. Осылайша, Хорватия құрамасы Катарда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, Хорватия 1998 жылғы әлем чемпионатының да қола медалін алған. Ал 2018 жылы финалда Франциядан жеңіліп, күміс медаль иелеген.

Ал Марокко – Африка құрлығынан және араб әлемінен әлем чемпионатының жартылай финалында ойнаған алғашқы ел.

Енді 18 желтоқсанда финалда Аргентина мен Франция ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді