Денис Никиша шорт-тректен өткен чемпионаттан соң сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Сурет: isu.org
18 желтоқсанда Алматыда шорт-тректен өткен әлем чемпионатында Денис Никиша алтын жеңіп алды. Артынша спортшы сүйіктісін құшақтады да, қалтасынан сақинасын алып, тізерлеп отырып, оған сезімін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денис Никиша бұл сәтке алдын ала дайындалған болса керек, қыздың келісімін алған соң оған үлкен екі раушан гүлдерден букет табысталды. Артынша спортшыны достары мен жанкүйерлері құттықтады.

Спортшының қызына қалтасынан сақинаны шығарып, отыра қалып, үйлену туралы ұсыныс жасаған сәтін сол жерде жүргендер видеоға түсіріп алған.


Қазақстандық спринтер 500 метрге жүгіруде 41,850 ұпаймен барлық қуғыншыларын басып озған еді. Оңтүстік Кореядан келген Яжан Сунву мәре сызығын 41,910 нәтижемен екінші болды. Үшінші орынды 42,090 көрсеткішпен бельгиялық Стийн Десмет иеленді.

Бұл - Денис Никишидің Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының екі күніндегі екінші медалі. Бір күн бұрын ол дәл осындай қашықтықта, яғни 500 м тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты