Елена Рыбакина тағы бір марапатқа ие болды

Сурет: ktf.kz
Астанада тұңғыш рет ұлттық спорт түрінен "Жеңімпаз рухы" жүлдесінің тұсаукесері өтті. Онда спорт саласындағы үздіктер, жаттықтырушылар, журналистер және басқа да мамандар марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, апта басында Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакинаға "Алтын Адам" сыйлығы табысталған еді.

Енді ол "Жыл серпіні" номинациясында жеңіске жетті.

"Жыл серпіні" номинациясында маған дауыс бергендердің барлығына рақмет. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Өкінішке қарай, мен марапатты жеке ала алмадым. Өйткені қазір оқу-жаттығу жиынындамын. Жақында Австралиядағы жарысқа барамын. Бір жыл бойы мені қолдап, мен үшін алаңдаған барша қазақстандықтарға көп рақмет айтқым келеді. Алда да өз ойынымды, нәтижемді көрсетіп, сіздерді қуанта беремін деп үміттенемін. Басқа номинациялар бойынша барлық жеңімпазды құттықтаймын. Бәріңізге сәттілік пен бар жақсыны тілеймін".Елена Рыбакина

"Жеңімпаз рухы" сыйлығының иегері Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан World League Stars турниріне қатысып жатқандықтан салтанатты шараға бара алмады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент