Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды

Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 17:13 Сурет: olympic.kz
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 11 минут 32.57 секундта жүріп өтті.

Екінші орын Каролина Гайдуковаға (Словакия) бұйырды – 11:37.62. Ал ресейлік Ангелина Новолодская үздік үштікті түйіндеді – 11:43.65.

Айта кетейік, осымен Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын алса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медальға ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: