Жеңіл атлет Маргарита Косинова жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетті
Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Маргарита Косинова Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында іріктеу кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алғашқы жартылай финалдық жарыста өнер көрсетті.
Маргарита Косинова қашықтықты 1 минут 5,84 секундта жүгіріп өтіп, мәреге жетінші болып келді.
Бұл жарыста Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Меган Ниман 1:00.56 нәтижесімен жеңіске жетті. Словениялық Зарья Зижек (1:00.98) екінші, ганалық Мэри Коффи (1:01.59) үшінші орын алды.
Айта кетейік, финалға әр жартылай финалдық жүгіруден үздік төрт спортшы және қалған қатысушылар арасындағы ең жоғары нәтиже көрсеткен бір спортшы жолдама алды.
Осылайша, Маргарита Косинова жарыстың финалдық кезеңіне өте алмады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript