FIFA матчтың бәрін Пелені бір минут үнсіздікпен еске алып қана бастауды ұсынды

Сурет: instagram.com/pele
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жарысты ұйымдастырушылардан келесі аптаның соңына дейін матчтың бәрін үш дүркін әлем чемпионы, бразилиялық Пелені еске алу үшін бір минут үнсіздікпен бастауды өтінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News телеарнасы мәліметінше, хабарлама FIFA құрамына кіретін 211 ұлттық қауымдастыққа келген. 

"FIFA барлық ұйымдастырушыны алдағы демалыс күндері және одан кейінгі аптада әр футбол матчының алдында бір минут үнсіздік өткізуге шақырады", - делінген хабарламада.

Ағылшын премьер-лигасы 30 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін өтетін чемпионаттың кезекті турының барлық матчы "футбол патшасын" еске алу үшін бір минуттық қол шапалақтаудан басталатынын және барлық ойыншы алаңға қара шүберек тағып шығатынын хабарлады.

30 желтоқсанда Пеле деген атпен танымал бразилиялық футболшы Эдсон Арантис ду Насименту қайтыс болды. Дүниежүзі футболының аңызы 82 жаста еді. 

Бразилия Пеленің қайтыс болуына байланысты аза тұту күнін жариялады.

Тоқаев даңқты футболшы Пеленің қазасына байланысты Бразилия халқына көңіл айтты.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді