Новак Джокович тарихтағы жүлде қоры ең жоғары теннисші атанды

Сербиялық теннисші Новак Джокович Аустралия ашық чемпионатында жиырма екінші рет "Үлкен дулыға" сериясындағы турнирді жеңіп алды. Бұл атақ оған әлемдік рейтингтің жоғарғы сатысына қайта оралып, жүлде қоры бойынша рекордсмен атануға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мельбурн корттарында грекиялық Стефанос Циципасқа қарсы финалдық кездесуде жеңіске жеткені үшін Новак Джоковичке 2,975 миллион доллар көлемінде чек берілді. Теннистегі барлық табысын қосқанда, сербтің  жүлде қоры 166,8 миллион долларға жетті. Осы көрсеткіштермен Джокович әлемдегі ең бай теннисшілер тізімінде көш бастады. Одан кейін Рафаэль Надаль (134 529 миллион доллар) мен Роджер Федерер (130 594 миллион доллар) тұр.


Жүлде қоры бойынша Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина, оның қазір 6 389 853 миллион доллары бар. Ал Александр Бубликтің жүлде қоры 4 281 652 миллион доллар.

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: