Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия біріншілігінде алтын мен күміс медаль жеңіп алды

Каролин Чепкоеч Кипкируи. Сурет: olympic.kz
Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күні қазақстандықтар өз қоржынына бір алтын және бір күміс медальді салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы Каролин Чепкоеч Кипкируй құрлық біріншілігінде чемпион болды.

Ол 3 000 метрге жүгіру бойынша мәреге бәрінен бұрын жетті. Ол бұл қашықтықты 9:01,98 секундта жүгірді. Күміс медальді қытайлық Уга Хэ, қола медальді жапониялық Юма Ямамото алды.

Қазақстандық тағы бір Ольга Сафронова күміс медальге ие болды. Спринтерші 60 метр қашықтықтағы жарысты 7.32 секундта бағындырып, екінші орын алды.

Астанадағы құрлықтық біріншілік 12 ақпанға дейін жалғасады. Жарысқа 31 елден 500-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады