Рыбакина мен Путинцева Дубайда әйелдер арасындағы "Мастерстің" старттық кезеңін сәтті аяқтады

Сурет: Instagram/lenarybakina
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшылары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Дубай корттарында WTA 1000 турнирінің жекелей сынын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина US Open 2019 чемпионы канадалық Бианка Андреескуді 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Рыбакинаның екінші айналымдағы қарсыласы Чехия өкілі Мари Бузкова болды. Турнирдің басында Юлия Путинцева хорватиялық Петра Мартичтен басым түсті – 6:4, 0:6, 6:2. Келесі кезекте Путинцеваны тағы бір чех теннисшісі, әлемнің экс-бірінші ракеткасы Петра Квитова күтіп тұр. Екі спортшымыз да кездесуін 21 ақпанда өткізеді.

Өкінішке қарай, жұптық сайыстағы үздік қазақстандық теннисші Анна Данилинаның жолы болмады. Бірінші айналымда бразилиялық Луиза Стефанимен дуэт болған ол Бетани Маттек-Сэндс (АҚШ) пен Лейла Фернандес (Канада) арасындағы тартысты кездесуде 6:1, 3:6, 9:11 есебімен жеңіліп қалды.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады