"Барселона" клубының президенті: Клуб бойынша ешқандай тергеу жүріп жатқан жоқ

Сурет: Instagram/jlaportaoficial
"Барселона" футбол клубының басшысы Жоан Лапорта каталониялық ұжым өкілдерінің төрешілерге пара беру ісі төңірегіндегі жанжал жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "Барса" президенті журналистерге бұл тақырыпты қоздатпауды ескертті, өйткені анау айтқандай алғышарттар болған жоқ, деп жазды Mundodeportivo.

"Біз жақында клубымыз төңірегіндегі жағдайды түсіндіру үшін баспасөз мәслихатын өткіземіз. Ішкі тергеу жүріп жатыр, жағдайды түсіндіргіміз келеді. Төрешілер мен ойыншыларға қатысты техникалық сауалдар жөнінде біраз жаңалық айтқым келеді. Тергеу аутсорсингке берілді. Прокуратура да, полиция да бізге қандай да бір тергеу жүріп жатқанын хабарлаған жоқ". Джоан Лапорта

Біраз уақыттан бері бірқатар БАҚ "барселоналықтар" Испания футбол федерациясының төрешілер корпусының вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға қомақты қаржы аударғаны туралы ақпарат таратып жатыр.

Расталмаған деректерге сүйенсек, футбол шенеунігі кеңес бергені үшін "каталониялықтардан" 4,7 миллион еуро алған. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды