Жартылай финал қарсаңында клубтың бас бапкері Петерис Скудра нағыз чемпиондарды тәрбиелеудің құпиясы неде екенін айтты.
Дайындық
Ең алдымен, бұл маусым басталмас бұрын көп уақыт алдын ала дайындықты талап ететін еңбек. Маусым алдындағы дайындықтан басқа, балалар жазғы дайындыққа бағдарлама алып, хоккейшілердің денсаулық жағдайын анықтау үшін тест тапсырды. Осы нәтижелерге сүйене отырып, ойыншыларға дұрыс жүктеме салу үшін алғашқы кезеңдерде белгілі бір жұмыс жүргізілген бірнеше ойыншылар тобы құрылды. Үздік дайындығы бар балалар әрі қарай қарқын алып осы бағытты жалғастырады. Бұл іріктеу үдерісі шілде айында басталған және әлі де жалғасуда. Осылайша, жекелендірілген тәсіл арқылы біз әр хоккейшінің және жалпы команданың деңгейін көтеруге тырысамыз, ал ойыншылар өздерінің хоккей мансабында биік шыңдардан көріну мүмкіндігіне ие болады.
Ынталандыру
Бізге дұрыс мотивациясы бар жігіттер керек. Қазақстан чемпионаты-бұл олар қажетті тәжірибеге, өз өзіне деген сенімділікке ие болатын, белгілі бір дәрежеден биік шыңдарға көтерілетін алғашқы бастау. Олар осы салада өркендеуге, дамуға, мансаптарының жоғарылауына үміт артады. Бұл хоккейшілерді іріктеу кезінде де, бірлесіп жұмыс істеу кезінде де бәріміз үшін өте маңызды аспект болып табылады.
Клубқа келген спортшылар алғашқы күндерден бастап, өз дәстүрлері мен талаптары бар чемпиондық ұйым екендігімізді түсінеді, бұл жерде құрамдағы орнын сақтау үшін күн сайын өз дағдылары мен кәсібилігін дәлелдеуі қажет. Жоғарыда аталғандардың бәрі өз нәтижесін береді.
Өз ісіне адал болу
Спортшылар өзі таңдаған спорт түріне барын салып жұмыс істеуі тиіс. Жаттықтырушы ойыншыдан шамасынан тыс артық нәтиже талап ете алмайтындығын әрқашан айтып келемін. Қандай жағдай болмасын, бұл сұрақта спортшының қызығушылық танытуы, тіпті фанатизмнің де болуы тиіс . Хоккеймен "ауыратын" ойыншылармен жұмыс істеу мен үшін қуаныш. Сондықтан мен өзімнің жаттықтырушыларымды, мамандарымды және сарапшыларымды да өз жұмысына толық берілетін және жұмыста сағат санап жүрмейтін етіп қалыптастырдым. Біз бәріміз отбасылық адамдармыз, бәрімізде жақындарымыздың алдында белгілі бір міндеттеріміз бар, бірақ менің ойымша, ең табысты мамандар — өз ісінің фанаттары болып табылады. 24/7 уақыт хоккеймен өмір сүретін адамдар. Маусым басталатын уақытта біз үшін хоккей бірінші орынға шығады.
Біз балаларға өзінің мансабы мен жетістігі үшін маңдай терін төгіп жұмыс істесе, басқа көп қызығушылықтарын құрбан етсе қандай жетістіктерге жете алатындығын көрсетуіміз керек. Кәсіби спортта бұл қалыпты жағдай, егер командада осындай 4-5 адам болса, оның өзі үлкен бонус болып табылады. Олар түсінеді, естиді және өз жұмысында барын салып еңбек етеді.
Жанкүйерлер қолдауы
Қарағандыдағы жанкүйерлер абсолютті чемпион атағынан басқа ештеңені қабылдағысы келмейді. Бізде үнемі байланыста болатын керемет жанкүйерлер базасы бар. Жанкүйерлер бізге матч кезінде ғана емес, жаттығу кезінде де ойынды, жаттығуды тамашалауға келіп тұрады. Олардың арқасында біз бірнеше жыл бұрын осында көтерілген деңгейді ұстап тұра аламыз. Олар бізге ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік және команданың ойыншыларына қосымша рух береді.