Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2026 18:26 Сурет: olympic.kz
Халықаралық семсерлесу федерациясы Үндістанның Дели қаласында өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының алдын ала өтініміне 22 спортшы енгізілді.

Шпага сайысында ел намысын Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкина қорғайды.

Сабля бағдарламасында Артём Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев, Назарбай Саттархан, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Қайша Жаныбек және Анастасия Гулик бақ сынайды.

Рапира бәсекелерінде Тамирлан Қалиев, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, София Актаева, Алёна Гноева және Алина Искандерова өнер көрсетеді.

Айта кетейік, құрамға енгізілген спортшылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрлық біріншілігі 19-24 маусым аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: