Триатлоннан Қытайдағы Азия кубогында Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды
Сурет: olympic.kz
Халықаралық триатлон федерациясы (World Triathlon) Қытайдың Ляньюньган қаласында өтетін Азия кубогына қатысушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала берілген өтінім бойынша Қазақстан құрамасының сапына төрт спортшы енді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Құрлықтық додада Аян Бейсенбаев, Темірлан Теміров, Максим Шмулич және Арлан Жанабай ел намысын қорғайды.
Ерлер арасындағы жарысқа жалпы саны 70 спортшы қатысады.
Айта кетейік, турнир 23 мамырда өтеді.
Бұған дейін Үндістанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жеткенін, отандық зілтеміршілер көрсеткіші жариялағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript