Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті - отандық зілтеміршілер көрсеткіші

Ауыр атлетика, Үндістан, Азия чемпионаты, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2026 18:52 Сурет: olympic.kz
Үндістанның Гандинагар қаласында ауыр атлетикадан 2026 жылғы Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының сапынан төрт спортшы бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, чемпионатта Александр Уваров (88 келіге дейін) кіші қола медаль жеңіп алды. Ол жұлқа көтеруде 165 келіні бағындырып, үздік үштікке енді. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 365 (165+200) келімен бесінші орынға тұрақтады.

110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сұлтан Мейрам жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Ол 375 (171+204) келі нәтижесімен төртінші орын алды.

88 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлібек Рахымберды 349 (158+191) келімен сегізінші сатыға жайғасты.

79 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Петр Хребтов жарысты бесінші орынмен аяқтады - 335 (150+185) келі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: