Зілтемірші Петр Хребтов 2026 жылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

Зілтемірші Петр Хребтов 2026 жылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 21:12 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы жарыс жолын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел құрамасынан алғашқы болып Петр Хребтов сынға түсті.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы бесінші орынға ие болды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 335 (150+185) келіні еңсерді.

Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ри Рён Хён жеңіп алды - 364 (158+206) келі. Екінші орынды тағы бір солтүстіккореялық Ри Чон Сон иеленді - 358 (161+197) келі. Қола жүлде қытайлық Лу Найганға бұйырды - 345 (157+188) келі.

Бүгін, 15 мамыр күні, 88 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасынан Александр Уваров пен Әлібек Рахымберды бақ сынайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: