Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы Азия чемпионатында екінші орын алды

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапониядағы Азия чемпионатында екінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 19:15 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Жапонияның Номи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрлықтық жарыстың жүлдегерлері қатарына Ясмина Тоқсанбаева енді. Ол спорттық жүрісте екінші орын алды.

Жартылай марафон қашықтығында қазақстандық спортшы екінші болып мәреге жетті. Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі – 1:37:17.

Қытайлық Чжан Тин жарыс жеңімпазы атанды – 1:36:18. Ал қола медальді тағы бір Қытай спортшысы Лю Хайянь иеленді – 1:38:45.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: