Бір қарағанда, ойын нәтижесі айқын болып көрінгенмен, тығырыққа тірелген бельгиялықтар бізді әлі де таң қалдыруы мүмкін.
"Бенфиканың" чемпионаттағы жағдайы өте жақсы қалыптасқан. Португалия чемпионатында "қырандар" ең жақын қарсыласынан 8 ұпай артықшылықпен 1-ші орынды нық ұстап тұр. Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде олар "ПСЖ" және "Ювентус"сияқты алыптармен топта бірінші орыннан шықты. Сонымен қатар, португалдықтар ЧЛ-дағы 11 матчта бір тең ойын өткізіп, қалғандарын жеңіспен аяқтады. Португалия Кубогынан шығып кеткендігі аздап көңілдеріне тисе де, Еуропаның басты турнирінің ширек финалына шықса, бұл өкінішті жағдайды ұмытып кетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Қазіргі Бельгия чемпионының осы маусымдағы жағдайы мәз емес. Ұлттық турнирде "Брюгге "4-ші орында, ал Чемпиондар Лигасында "Портуға" ғана жол беріп, екінші орыннан жолдама алды. Финалдың ⅛ бөлігінің алғашқы матчында "Бенфикадан" жеңілді, яғни бельгиялықтар жағдайларын қалпына келтіру үшін барын салып, жақсы ойын көрсетуіс тиіс.
Командалар ойын алаңында бар жоғы бір рет бас түйістірген, сондықтан бетпе-бет кездесулер статистикасы бізге ештеңе көрсете алмайды. Бірақ, дербес деректерді ескеретін болсақ, нәтижелі ойын тамашалаймыз деп сенуге болады: "Бенфика" соңғы 10 матчтың барлығында гол соқса, "Брюгге" соңғы 5 матчтың әрқайсысында бір голдан соғып келеді.
Parimatch матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады:
Бенфика - 1.35, Тең ойын - 5.40, Брюгге - 8.70