Алекс Фергюсон соңғы 25 жылдағы ең үздік футбол жаттықтырушысы деп танылды

Алекс Фергюсон 1996-2022 жылдар аралығындағы әлемнің үздік футбол бапкерлері тізімінде көш бастады. 81 жастағы бапкер британдық футбол тарихындағы ең атақты бапкерлердің бірі болып саналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай шешімді Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) қабылдады. Федерация 1990 жылдардың ортасынан бастап жылдың үздік жаттықтырушыларының тізімін жүргізіп келеді. Соңғы рет санаған кезде Фергюсон 257 ұпай жинап, барлық бапкерлер арасында үздік атанды.

Әлемдегі жетекші 10 жаттықтырушы:

1. Алекс Фергюсон (Англия) – 257 ұпай,

2. Жозе Моуриньо (Португалия) – 242 ұпай,

3. Хосеп Гвардиола (Испания) – 221 ұпай,

4. Арсен Венгер (Франция) – 211 ұпай,

5. Йоахим Лев (Германия) – 200 ұпай,

6. Карло Анчелотти (Италия) – 189 ұпай,

7. Висенте Дель Боске (Испания) – 175 ұпай,

8. Диего Симеоне (Аргентина) – 168 ұпай,

9. Марчелло Липпи (Италия) – 156 ұпай,

10. Дидье Дешам (Франция) – 164 ұпай.

Алекс Фергюсон әлемдік футбол тарихындағы ең ұлы бапкерлердің бірі ретінде танылды, ол 26 жыл бойы "Манчестер Юнайтед" ойыншыларын жаттықтырып келді. Фергюсонға 1999 жылы патшайым Елизавета II рыцарь атағын берді.

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: