Шавкат Рахмонов спортты қолдау қорынан қаржыландырылады – министр

Сурет: Facebook/Асхат Оралов
Ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кездесті. Министр спортшы келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қоры тарапынан қаржыландырылатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі-Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бір жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді. Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жектегі жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ, ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады", деп жазды Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ Шавкатқа бүкіл әлемге Қазақстанды паш етіп, осы қадамы үшін айрықша алғысын жеткізген министр оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектестік білдірді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды