Рыбакина US Open мен Уимблдонда жеңіп алған титулдарын салыстырды
Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісін 2022 жылғы Уимблдондағы титулымен салыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Чемпионат басылымының мәліметінше, Рыбакина үшін US Open-2026 турниріндегі жеңіс маусымдағы үшінші титул болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Арина Соболенко және ресейлік теннисші Мирра Андреевамен теңесті.
"Уимблдондағы жеңіс күтпеген жерден келді. Ол кезде маған деген назар мен қолдау өте көп болды – қолдаудың ауқымы орасан еді. Ал қазір мен турда көп жылдан бері жүрмін, сондықтан бұл жеңісті біз күттік. Дегенмен эмоция мен көрерменнің назары бәрібір керемет", – деп Рыбакинаның сөзін Prosports.kz келтірді.
Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Оңтүстік Кореяда өз шеберлігін көрсететіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript