Әлемнің бірінші ракеткасы Оңтүстік Кореяда өнер көрсетеді
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін турнирге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, турнирге сондай-ақ:
- "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы, беларусьтік теннисші Арина Соболенко;
- "Ролан Гаррос-2026" чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы, ресейлік теннисші Мирра Андреева;
- "Үлкен дулыға" турнирлерінің алты дүркін чемпионы, рейтингте тоғызыншы орында тұрған польшалық теннисші Ига Швентек;
- "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің 17-ракеткасы, жапониялық Наоми Осака;
- рейтингте 20-орында тұрған италиялық Жасмин Паолини қатысады.
Турнир 26-28 желтоқсан аралығында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript