Әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Рыбакина алғаш рет WTA 1000 чемпионы атағына таласатын болды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік теннисте әйелдер арасындағы көшбасшы Ига Швёнтекті ұтып, АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрлі болжамдарға қарамастан, жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездескен Елена Рыбакина өзінің бар өнерін салып, халықаралық аренада мықты екенін тағы бір дәлелдеді. 

Осыған дейін қос теннисші үш рет кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен болатын. 

Бұл жолы да Елена қарсыласына жол бермеді. Екі партияда қатарынан 6:2, 6:2 есебімен ұтып, ол басымдыққа ие болды. Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдыллықпен ұтқан Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Индиан Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары) финалына өтті.

Ол соңғы бәсекеде әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады.


АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды