Әлемнің бірінші ракеткасы Астанадағы Билли Жан Кинг кубогында ойнамайтын болды

Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек 14-15 сәуірде өтетін Билли Жан Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатыса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Польша құрамасы Астанада Қазақстанмен ойнайды. Теннисшінің мұндай шешім қабылдауына қабырғасына келген зақым себеп болған.

"Бұл шешімді қабылдау қиын болды, бірақ мен ең бастысы денсаулық екенін білемін. Дохадағы турнир кезінде де, одан кейін де инфекциямен күрескенімді білесіздер. Осыдан кейін маған ойнауға рұқсат етілді, бірақ қатты жөтел қабырғаға зақым келтірді. Өкінішке қарай, мен әлі де ыңғайсыздық пен қатты ауырсынуды сезінемін. Дәрігерім диагнозды айтып, емдеу жоспарын дайындады. Мен 100% қалпыма келуім үшін үзіліс жасауға мәжбүрмін", - деп жазды Ига Швентек әлеуметтік желіде.

Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасынан Елена Рыбакина бастаған ойыншылар қатысады.

Қазақстан намысын сонымен бірге әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева, жұптық сында рейтингте 25-орында тұрған Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова (жекелей сын, WTA, 333-ракетка), Жанель Рүстемова (жұптық сын, WTA, 973) қорғайды. Қосымша ойыншы - Аружан Сағындықова (жекелей сын, WTA, 968).

Бәсекелер 14-15 сәуірде Астанада Ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақ төсенішінде өтеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: