Астанада күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионаты бағдарламаларының кестесі жарияланды

Астанада 9-14 сәуір күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, Азия чемпионатының ресми ашылуы 9 сәуірде сағат 17:00-де басталады.

Күн сайын күндізгі сессия сағат 11.00-де (алдын ала, жартылай финалдық және жұбаныш белдесулері), кешкі сессия 18.00-де (1-ші және 3-ші орындар үшін финалдық ойындар) басталады.

Азия чемпионатының бағдарламасы төмендегідей:

9 сәуір – грек-рим күресі – 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

10 сәуір – грек-рим күресі – 60,67,72,82 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

11 сәуір – әйелдер күресі – 50,55,59, 68 және 76 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

12 сәуір – әйелдер күресі – 53,57,62,65 және 72 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

13 сәуір – еркін күрес – 57,65,70,79 және 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

14 сәуір – еркін күрес – 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

Күрестің әр түрінен 10 медаль жиынтығы ойналады (барлығы 30 салмақ дәрежесі).

Айта кетейік, алғаш рет Азия чемпионаты 1979 жылы тек еркін күрестен өтсе, екі жылдан кейін грек-рим күресінің балуандары Сары құрлықтағы мықтыларды анықтады. Әйелдер күресінен Азия чемпионаты 1996 жылдан бері өткізіліп келеді.

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: